Қазақстанда медициналық ұйымдардың қарызы 10 млрд теңгеге дейін қысқартылады

46

Munarmedia.kz. 14.10.2026. ASTANA-Қазақстанда медициналық ұйымдардың мерзімі өткен кредиторлық берешегін 2026 жылдың соңына дейін 17 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін азайту жоспарланып отыр.

Қарыз мәселесі 68 медициналық ұйымнан анықталған. Олардың әрқайсысына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қаржылық жағдайды сауықтырудың жеке жоспары әзірленген.

Берешекті ұйымдардың кірісін арттыру және қаржыландыру көлемін түзету арқылы қысқарту көзделіп отыр. Бұл шаралар медициналық көмекті күту уақытын да азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

#Қазақстан #ДенсаулықСақтау #Медицина #ӘлеуметтікСаясат #Munarmedia