Қазақстанда теміржол маңында мал жаюға қатысты айыппұл екі есе өсуі мүмкін

63

Munarmedia.kz. 13.10.2026. ASTANA-Қазақстанда теміржолға жақын жерде мал жаю ережесін бұзғандарға салынатын айыппұлды екі есе арттыру ұсынылды.

Ұсынысқа сәйкес, алғашқы құқық бұзушылық үшін айыппұл мөлшері 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылмақ.

2026 жылғы есеп бойынша, бұл алғашқы бұзушылық үшін 43 250 теңге, ал қайталанған жағдайда 86 500 теңге болады.

Жыл басынан бері мал иелеріне мал жаю ережелері 52 мың рет түсіндірілген. Ал 378 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тоғыз айда пойыздар 584 жануарды қағып кеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 648 болған.

Мамандар мал иелерін теміржол маңында жануарларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Малдың теміржолға шығып кетуі пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

#Munarmedia #Қазақстан #Теміржол #МалШаруашылығы #Айыппұл #Қауіпсіздік