Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібі өзгереді

54


Munarmedia.kz.18.10.2026.ASTANA-2026 жылғы 24 қазаннан бастап Қазақстанда зейнетақы тағайындау тәртібі жеңілдетіледі. Құжаттардан қате немесе жетіспейтін мәлімет табылса, өтініш берушіге оны түзетуге уақыт беріледі. Қайта өтініш тапсырудың қажеті болмайды.

Жаңа тәртіп бойынша зейнет жасына жеткен азаматтар бір өтінішпен үш төлемді рәсімдей алады: БЖЗҚ төлемі, базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы.

Құжаттағы кемшіліктерді түзету мерзімі:
▪️ Жасына байланысты зейнетақыға — 10 жұмыс күніне дейін;
▪️ Базалық зейнетақыға — 8 жұмыс күніне дейін.

Кемшіліктер уақытында түзетілсе, өтініш берілген бастапқы күн сақталады. Ал белгіленген мерзімде түзетілмесе, құжаттарды қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімі жасына байланысты зейнетақыға — 5 жұмыс күніне дейін, базалық зейнетақыға — 4 жұмыс күніне дейін белгіленген.

Өзгерістер зейнетақы мөлшерін автоматты түрде арттыруды емес, оны рәсімдеу тәртібін жеңілдетуді көздейді.


#Қазақстан #Зейнетақы #ӘлеуметтікҚамсыздандыру #Munarmedia