Munarmedia.kz 21.08.2026. АСТАНА Қазақстандық әуе компаниялары Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Дубайға қатынайтын бірқатар рейстің тоқтатылу мерзімін ұзартты.
FlyArystan Ақтау – Дубай бағытындағы рейстерді 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатты.
Ал Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға орындалатын рейстердің тоқтатылуын да 30 қыркүйекке дейін ұзартты. Сонымен қатар қазан айында аталған бағыттар бойынша әуе рейстерінің жиілігі қысқартылмақ.
Әуе компаниялары рейсі өзгерген жолаушыларға билеттерін кейінгі күндерге қосымша ақысыз қайта брондау немесе билеттің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігін ұсынып отыр.
Әуе компаниялары жолаушыларға сапар алдында рейстің мәртебесін нақтылап, ресми ақпарат көздеріндегі жаңартуларды қадағалауды ұсынады.
#MunarmediaKZ #Астана #Қазақстан #Авиация #FlyArystan #AirAstana #Дубай #ӘуеРейстері #ТаяуШығыс #Жаңалық