Munarmedia.kz. 18.01.2026 /Астана/ –Digital Business басылымы Kazakhstan Global USA атты арнайы циклін жалғастыруда. Аталған жоба аясында АҚШ-тың IT-экожүйесі және бұл нарықтағы қазақстандық стартаптардың даму мүмкіндіктері зерттеледі. Бұған дейін Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы Асет Абдуалиевпен сұхбат жарияланған болатын.
Бұл жолғы кейіпкер – Нұрлыбек Мұрсали. Ол 15 жыл бұрын Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп, Стэнфорд университетінде докторантураны тәмамдаған. 2020 жылы Нұрлыбек Biodock атты биотех-стартаптың негізін қалаушылардың бірі болды. Жоба жасанды интеллектке негізделген платформа ретінде фармацевтикалық компанияларға микроскопиялық бейнелерді талдап, расшифровка жасауға көмектеседі. Қазіргі таңда стартап 3,8 млн доллар көлемінде инвестиция тартқан.
Нұрлыбек Мұрсали Digital Business басылымына арнайы берген сұхбатында Стэнфордтағы докторантура кезінде жүргізген ғылыми зерттеулері, стартаперлік жолының қалай басталғаны және алғашқы жобасынан не себепті кеткені туралы баяндады. Сондай-ақ ол Biodock платформасының қарапайым адамдарға тигізер пайдасы, жоба командасының Кремний алқабынан Техас штатына көшу себептері, сондай-ақ бұл өңірдің стартап бастаушылар үшін артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде ой бөлісті.