Munarmedia.kz-25.11.2026ж/Астана/-Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқарма мүшесі, өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады. Оған «Самұрық-Қазына» қорында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдік келтіріліп отыр.

ҰҚК мәліметінше, Омарбеков 23 қарашада ұсталған. Онымен бірге тағы бірнеше адам қолға түскен. Алайда ведомство тергеудің өзге жай-жапсарын жарияламады.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы бұған дейін басқарманың екі мүшесі – өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужиннің өкілеттігі тоқтатылғанын хабарлаған.

Компания әзірге жағдайға қатысты өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.

#Қазатомөнеркәсіп #СамұрықҚазына #СыбайласЖемқорлық #ҰҚК #Қазақстан #Munarmedia