Қытайдың ғылыми зерттеулерге жұмсаған мемлекеттік шығыны АҚШ-тан асып түседі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) осындай дерек жариялады.
Қытай ғалымдары негізінен қолданбалы салаларда жұмыс істейді, ал АҚШ әлі де іргелі зерттеулер саласында көшбасшы саналады.
Дегенмен, Қытайдың AI, кванттар, чиптер, нейроғылымдар, генетика, биотехнология, ғарыш, мұхит сияқты салаларда нақты басымдықтары бар.