Munarmedia.kz. 22.09.2026. ASTANA. Ресей 2027 жылға арналған федералдық бюджет жобасын әзірлеу кезінде мұнайдың бағасын барреліне 50 доллар деңгейінде белгіледі. Бұл ретте бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің шамамен 2 пайызы болады деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
Ресей басшысының айтуынша, мұнай бағасына қатысты бұл болжам бір қарағанда төмен көрінгенімен, сенімді әрі сақтыққа негізделген есеп болып саналады.
Қазіргі уақытта Ресей үкіметі алдағы жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді аяқтап жатыр. Басты міндеттердің қатарында халықтың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, қауіпсіздікті сақтау және елдің қорғаныс қабілетін нығайту бар.
Путиннің пікірінше, алдағы айларда мұнай мен газдан түсетін кіріс көлемі артып, бұл Ұлттық әл-ауқат қорын толықтыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Ресей президенті инфляцияны төмендетуге бағытталған Орталық банк пен үкіметтің шаралары нәтиже беріп жатқанын атап өтті.
Оның сөзінше, Ресей кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұған еңбек нарығындағы жағдай дәлел бола алады. Елдегі жұмыссыздық деңгейі тарихи ең төменгі көрсеткішке жеткен.
Путин халық табысының өсуі тұтыну тауарларына деген сұраныстан да байқалатынын айтты.
Ресей Батыс елдерінің азық-түлік өнімдеріне салған эмбаргосын ұзартты
Ресей президенті Батыс елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін елге әкелуге салынған тыйымның 2028 жылға дейін ұзартылғанын да атап өтті.
Аталған шектеу Ресей тарапынан 2014 жылы Батыс елдерінің «достыққа жатпайтын әрекеттеріне» жауап ретінде енгізілген болатын.
#Ресей #МұнайБағасы #РесейЭкономикасы #Бюджет #ВладимирПутин #Мұнай #ӘлемЖаңалықтары #Munarmedia
:::