Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Секундына бір смартфон шығарады: Xiaomi адамдарсыз жұмыс істейтін ақылды фабриканы іске қоспақ

36

Xiaomi компаниясы тәулік бойы адамдарсыз жұмыс істейтін ақылды фабриканы іске қоспақ. Бұл туралы компанияның бас директоры мәлімдеген.

Чанпин қаласында орналасқан жаңа буын смартфондарын шығаратын зауыттан әр секунд сайын бір смартфон шығып отырады. Барлық жұмысты, тіпті смартфондарды құрастыруды да жасанды интеллектпен басқарылатын роботтар атқарады.

Xiaomi жаңа өндіріс процесін дамытуға 2,4 миллиард юань инвестициялаған. Чанпингтегі жаңа фабрика 81,000 шаршы метр құрылыс алаңын қамтиды. Ол жылына 10 миллион флагмандық смартфон өндіру мүмкіндігімен "ұлттық смарт өндіріс эталоны" ретінде сертификатталған. Бұл фабрика алдағы уақытта Xiaomi MIX Fold 4 және Xiaomi MIX Flip секілді жиналмалы телефондар өндірілмек.

Дегенмен, Xiaomi автоматтандыруды өндіріс процесінде бұрыннан пайдаланып келеді. Пекин қаласындағы Ичжуанда орналасқан смарт фабрика 2019 жылы толық өндіріс процесіне дайын болған.