Таиланд министрінің бұрынғы орынбасары өлім жазасына кесілді
The Thaiger порталының хабарлауынша, Тангпакорн 2015 жылы құрылыс магнаты Чувонг Саетангты өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген.
Сатенг қайтыс болған күні Тангпакорн басқаратын көлікке мінген деп хабарланды. Көлік ағашқа соғылып, кәсіпкер қаза тапты.
Мәліметтерге сүйенсек, содан кейін Тангпакорн бұл істі жазатайым оқиға ретінде көрсетуге тырысқан, бірақ тергеу апаттың алдын ала жоспарланған кісі өлтіру екенін дәлелдей алды. 2021 жылы сот сауда министрінің бұрынғы орынбасарын өлім жазасына кескен. Алайда сотталушы үкімге шағымданған. 2022 жылы апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырды.
26 маусым күні Жоғарғы сот өлім жазасын күшінде қалдырды.