Munarmedia.kz. 15.10.2026. ASTANA-Тәжікстанның Хатлон облысында «Сарой Камар» мен «Панджшер» командалары арасындағы футбол матчы жанкүйерлер арасындағы жаппай төбелеспен аяқталды. Оқиға 13 қазанда болған. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған.
Матчтан кейін жанкүйерлер арасында жанжал туындап, олар милиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбаған. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін құқық қорғау органдары су шашатын арнайы техника қолданған. Бұған жауап ретінде кейбір жанкүйерлер тәртіп сақшыларына тас пен аяқкиім лақтырған.
Оқиға түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде таралған. Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция тәртіпсіздікке қатысқандарды анықтап, ішкі істер бөліміне жеткізген.
Жалолиддин Балхи ауданында 17 футбол жанкүйері ұсталып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әрқайсысына бес тәуліктік әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.
#Тәжікстан #Футбол #Жанкүйерлер #ҚоғамдықТәртіп #Munarmedia