Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Трамп кешегі трагедияны өзінің сайлау науқанына ұтымды пайдалануда

103


 

 

2024 жылғы сайлау науқанында  өлімнен аман қалған, қан жапқан бетімен АҚШ туының астында жұдырығын жоғары көтерген Дональд Трамптың бейнесі кулььтік деңгейге жетуде.

Трампты қолдаушылар «Күресіңіз! Күресіңіз! Күресіңіз!» деп айғайлауда.

Пенсильваниядағы оқиға АҚШ-тың қауіпсіздік қызметінің сақадай сай қаруланған қорғаушылары мен борндалған автокөліктердің өзінен кез-келген адамның теракті жасауға болатынын білдірді. Тіпті бұрыңғы президенттердің де қорғанысының соншалықты мықты емес екенін бесенеден белгілі. Бұл американың саяси оқиғасындағы драмалық оқиғаның жылдар бойы ақпарат құралдары мен бейнематериалдарына азық болары сөзсіз.

Әрине кешегі орын алған оқиға Джо Байденнің беделіне нұқсан келтіріп, оның АҚШ Президенттігіне сайлау науқанында жеңіске жетуге деген сенімін күмәнді етіп отыр. Бұған дейін Джо Байден Путинді «Украина президенті «деп шақырып, өзінің орынбасары Камаристі «Трамптың вице-президенті» дегені оның денсаулығы мен психикасына күмәнді күшейте түскен еді. Трамптың билікке келуін автократиялық жолдағы мемлекеттер құп көріп отыр. Бұл жағдайда Ресей мен Қытай және Орта Азия, Ресей мен Қытай ықпалындағы Африка елдері үшінде саяси жылымық басталып, өздерінң саяси амбициясын қанағаттандыруға жол ашылмақ. Мұндай жағдайда НАТО және оған мүше мемлекеттер  мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас деңгейі өзгеріп, соғыс зардабын тартып жатқан Украина, Палестина елдері зардап шегуі мүмкін. Қытай өз кезегінде Трамптың қолдауына сүйене отырып, Тайваньға әскери шабуыл бастауы ғажап емес дейді, сарапшылар.

Асылбек Байжұмаұлы