Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Уимблдон: Анна Данилина екінші айналымға жолдама алды

34
Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифаньның Польша өкілдері Магдалена Френх – Катажина Кавамен кездесуі аса тартысты өтті. Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Френх – Кава есе қайырды – 6:4. Шешуші, үшінші сетте Данилина – Ифань тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:6). Екі сағат 41 минутқа созылған матчта екеуі 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Польша жұбы 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Анна Данилина – Сюй Ифаньның 1/16 финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Уимблдонда ерлер арасында Александр Бублик – Александр Шевченко жұптық бәсекеде алғашқы айналымда-ақ үндістандық Юки Бхамбри – франциялық Альбано Оливеттиге жол берді – 4:6, 4:6. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Уимблдонның үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз. Париж олимпиадасына қатысатын Қазақстан теннис құрамасы анықталды. Уимблдонда Путинцева олимпиада чемпионын ұтып, үшінші айналымға шықты.