Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Украинада қазақ журналисіне жасалған қастандық: ІІМ мәлімдеме жасады

43
Украинада журналистке қастандық жасады деген айыппен 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев ұсталды. Екеуі де Қазақстан азаматы, деп хабарлады сайты turkystan.kz сайты Азаттық рухына сілтеме жасап. Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садық Мейрам Қаратаевтың Қостанай облыстық ІІД қызметкері екенін айтқан. Бірақ ІІМ Қаратаевтың 2019 жылы қаңтардан бастап ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін мәлімдеді. «Қазір біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізудеміз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», - делінген хабарламада. Еске салсақ, Президент Тоқаев Киевте журналист Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Жәбірленуші мен оның әйелі де журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие. Онда ерлі-зайыптылар 1 миллионнан астам жазылушысы бар Бәсе оппозициялық YouTube арнасын ашты. Басылымның Telegram-да 59 мыңнан астам жазылушысы бар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өткен жылдың қазан айында Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жариялаған.