Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ұлыбритания премьер-министрі жаңа үкіметті таныстырды

56

Сонымен британ сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы — Дэвид Лэмми, Қорғаныс министрі — Джон Хили, Рейчел Ривс Қаржы министрі болып тағайындалды, ал Иветт Купер ІІМ басқарады. 

Лорд-канцлер, әділет министрі Шабана Махмуд, денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрі — Уэз Стритинг, еңбек және зейнетақы министрі — Лиз Кэндалл, бизнес және сауда министрі — Джонатан Рейнольдс, білім министрі — Бриджет Филлипсон, көлік министрі — Луиз Хейг.

2010 жылдан 2015 жылға дейін Лейбористер партиясын басқарған Эд Милибанд энергетика және көміртегі бейтараптығы министрі болып тағайындалды.

Қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік және ауыл шаруашылығын дамыту министрі қызметін Стив Рид, цифрлық, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт министрі лауазымын Лиза Нэнди, ғылым, инновация және технологиялар министр қызметін Питер Кайл атқарады.

Хилари Бенн жаңа үкіметте Солтүстік Ирландия істері министрі қызметіне кірісті, Ян Мюррей — Шотландия, Джо Стивенс — Уэльс істері бойынша министр. 

Стармер 4 шілдеде өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша Үкімет басшысы қызметін атқарады.

Оның басшылығымен Лейбористер партиясы жаңа үкіметті құруға қажет көпшілік дауысты жинай алды.