Олар 24 ай бойы Қарулы Күштерде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет етеді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.
Құжат жобасы 21 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.