Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Әділет министрлігі алаяқтыққа қарсы пилоттық жобаны іске қосты

51

Бұрын нотариустар мен сот орындаушылары азаматтарды тапсырыс хат арқылы хабардар етсе, енді олар электрондық хабарламаларды сенімді байланыс арналары арқылы жібереді.

Өткен жылы әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 40 мыңнан астам шағым келіп түсті.

Көптеген шағымданушылар нотариустардың атқарушылық жазбаларды шығарғаны туралы білмегенін, тек қандай да бір тыйымдар мен шектеулер салынғаннан кейін ғана білгенін хабарлады.

Енді азаматтарға атқарушылық іс туралы және нотариус немесе сот орындаушысы туралы егжей-тегжейлі ақпараттар 1414-тен СМС-хабарламалар және EGov-mobile-дан push-хабарламалар арқылы уақытылы келіп отырады.