. Бұл туралы Нью-Иоркте өтіп жатқан БҰҰ бас 79-шы
ассамблеясында сөйлеген бас хатшы Антониу
Гутерриш, мәлімдеді.
Бас хатшы Ливан елінде болып жатқан
қантөгіске алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша «Жер планетасында соғыстар
көбейіп, біз естіген ақырзаман келе жатқан сияқты. Біз әлемді жойып жіберетін
бомбаның кез-келген уақытта жарылып кетерін білсек те ойлағымыз келмейді.
Оның айтуынша «әлемде жасалып жатқан соғыстар мен
оған деген жауапсыз көзқарас пен жазаға тартылмайтынын білген мемлекеттердің
әрекетін саяси жағынан да моральдық тұрғыдан да түсіну мүмкін емес. Қазіргі
таңда БҰҰ жарғысы мен халықаралық соттардың шешімдерін бұзатын елдер саны
көбейді. Бұл мемлекеттер басқа елдің аумағына басып кіріп, тайпалар мен бейбіт
тұрғандарды қырғынға ұшыратуда. Таяу шығыста, Еропаның орталығында, Африкада
және басқа жерлерде жазаға тартылудан қорықпайтындар жазықсыз жандарды қырғынға
ұшыратуда. Осыған байланысты әлем мемлекеттері бұл қантөгістерді тоқтату
шараларын шұғыл жүзеге асыру қажет» деді.
Газа
секторында қызмет етіп жүрген БҰҰ 200 адам қазақ болды. БҰҰ жиналысына
қатысушылар Гутерриштің мәлімдемесін қол шапалақтап қарсы алды.