Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық

64




Мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Сондықтан осы саладағы жемқорлық көріністері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты назарында болады.

Ағымдағы жылы әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 58 адам әшкереленді, 34 адам сотталды.

Мәселен, Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалық медициналық орталықтың дәрігері Мәкішевке қатысты үкім шығарды.

Ол науқастан жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін 500 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.