Алматыда ер адамды өлтіру дерегі тергеліп жатыр: төрт күдікті ұсталды

65

Munarmedia.kz. 13.10.2026. ASTANA-Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Әлеуметтік желілерде таңертең ер адамды басына пакет кигізілген күйде тұрғын үйдің кіреберісінен алып шыққан сәт түсірілген видео тараған болатын.

Аталған кісі өлтіру дерегіне байланысты төрт адам күдікке ілініп, ұсталды. Тергеу олардың марқұмның пәтерін заңсыз иеленуге қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, істі Ішкі істер министрлігі арнайы құрған жедел-тергеу тобы тергеп жатыр. Қылмыстық іс ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынған.

Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.

#Munarmedia #Алматы #КісіӨлтіру #ҚылмыстықІс #Полиция #Тергеу