Munarmedia.kz.28.11.2026.ASTANA Еуропарламент Грузияға қатысты кезекті сын резолюциясын мақұлдады. Құжатты 441 депутат қолдаса, 47 депутат қарсы дауыс берген.
Резолюцияда Грузия премьер-министріне, парламент спикеріне, Тбилиси қаласының мэріне, сондай-ақ бірқатар судьялар мен прокурорларға санкция енгізу ұсынылған.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 4 қазанда президент сарайына шабуыл жасау ісі бойынша сотталған азаматтарды босату талабы қойылған.
Бұған жауап ретінде Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили Еуропарламенттің ұстанымын сынға алды.
«Еуропарламент бізге жеті рет оқ атты, бірақ жеті рет те мүлт кетті. Сондықтан жемқор еуропарламентшілердің мәлімдемелерінің ешқандай құны жоқ», – деді ол.
#Грузия #Еуропарламент #Еуропа #Саясат #Munarmedia





