Munarmedia.kz.28.11.2026.ASTANA Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясының Цюаньчжоу қаласында полиция бөлімшесі 21 жылдан бері мектеп оқушыларына тегін әрі қауіпсіз орта ұсынып келеді.
Бұл бөлімшенің ерекше дәстүрі әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Күн сайын сабақтан кейін балалар арқасындағы сөмкелерін қойып, полиция бөлімшесінің кіреберісінде үй тапсырмасын орындайды, ойнайды және ата-аналарын күтеді. Ал тәртіп сақшылары олардың қауіпсіздігіне жауап береді.
Бұл бастама 2005 жылы қолға алынған. Оқиғаның тағы бір қызықты тұсы бар. Полиция көмекшісі Го Цзяруң бала кезінде дәл осы бөлімшенің баспалдағында отырып, ата-анасын күткен. 2018 жылдан бастап өзі де осы жерде қызмет етіп келеді.
Қазір балалар үшін арнайы үстелдер қойылып, су диспенсері орнатылған. Ата-аналарымен хабарласуға арналған телефон бөлініп, бейнебақылау жүйесі де іске қосылған.
Оқушылар сабақтан кейін осында келіп, кешке үйлеріне қайтады. Осылайша, ата-аналардың жұмыста кешігуі балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға себеп болмайды.
Бұл бөлімшеде «Полиция бөлімшесінде күте тұр» деген сөз көптеген отбасы үшін қалыпты жағдайға айналған.
#Қытай #Білім #БалаларҚауіпсіздігі #Қоғам #Munarmedia





