Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Америка алтын дәуірге қадам басты» — Трамп

72




АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациялық сөзінде соңғы сегіз жылда өзінің Америка тарихындағы кез келген президентке қарағанда үлкен сынақтар мен қиындықтарға тап болғанын айтты. Ол өз өмірінің текке сақталмағанын, Құдайдың оны Американы қайтадан ұлы ел ету үшін аман алып қалғанын мәлімдеді.

Оның халыққа жолдауының басты тезистері:

▪️ «Біз миллиондаған қылмыскерлерді өз елдеріне қайтарамыз» — Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай режимін жариялады.
▪️ Наркокартельдер шетелдік террористік ұйымдар деп танылатынын айтты.
▪️ «Біз мұнай өндірісін арттырамыз. Америка өз мұнай қорларын пайдаланатын болады» — энергетика саласы туралы мәлімдемесі.
▪️ Америка бұрынғыдан да үлкен әрі қуатты мемлекетке айналады.
▪️ АҚШ ресми түрде тек екі жынысты — еркек және әйел — мойындайтынын жариялады.
▪️ АҚШ-қа сөз бостандығы қайта оралады — Трамп мемлекеттік цензураны тоқтату туралы жарлық шығаратынын мәлімдеді.
▪️ «Біз басқа елдерге салықтар мен тарифтер енгізіп, өз азаматтарымызды байытамыз» — басқа елдерге баж салығын енгізу жоспары.
▪️ «Біз Америкада автомобильдер шығаратын боламыз, бұндай өндіріс қарқынына ешкім сенбеген еді».
▪️ «Біз тіпті қатыспаған соғыстарды да аяқтаймыз. Мен бейбітшілік орнататын президент боламын».
▪️ «Мексика шығанағының атауын "Америка шығанағы" деп өзгертеміз».
▪️ АҚШ Қарулы Күштері тек бір миссияға — Америка жауларын жеңуге бағытталады.
▪️ «Біз Панама каналын қайтарып аламыз».
▪️ «Біз Марсқа Америка туын тігеміз».

Сондай-ақ Трамп Байден әкімшілігінің соңғы төрт жылдағы көші-қон саясатын және табиғи апаттарға қатысты әрекетін сынға алды.

«Құдай, Америкаға жар болсын. Баршаңызға рақмет», — деп аяқтады Трамп сөзін.