Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Америкалық азамат Қазақстанда қазақ тілін насихаттап жүр

58


  
Қазақстанда қазақ тілін насихаттап жүрген америкалық азамат Джоел Адамсонның видеолары әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шықты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақшаға судай бұл шетелдік азамат Джоелды достары қазақшалап, "Жолтай" деп атайды.  

Джоел Адамсон Қазақстанға алғаш 90-шы жылдары келіпті. Жұмыс орайымен Алматы, Атырау қалаларында болып, әрі жергілікті жұрттың тұрмысымен танысады.

"Қазақ тілі әуелгіде күнделікті қарым-қатынас үшін керек болды", - дейді.