Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Ақиқаты осы»: Арман Дүйсенов Индира Елеместің жертөледегі студиясында көз жұмған

62

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірінің соңғы күндерін қайда өткізіп, жаназасы қайда болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында танымал әнші Индира Елемес айтып берді. 

Марқұм Арман Дүйсенов өмірінің соңғы айларында танымал әнші Индира Елемеске тиесілі жертөледе орналасқан ән жазу студиясында тұрыпты. Өкінішке қарай, өнер иесінің ақтық демі де осы жерде таусылған. Индира Елемес Арман Дүйсеновті туған ағасындай көргенін айтады. 

"Жүрегі тоқтап қалып, бір сәтте өмірден кетіп қалды. Қатты қиналған да жоқ. Ауырып, төсек тартып жатып та қалмады. Студиядағы балалар айтады, су ішті, бәріміз "қалайсыз? бәрі жақсы ма?" деп сұрағанда "иә, бәрі жақсы" деп су ішті де жатып қалды. Сол жатқаннан бір сәтте кетіп қалыпты. Таңғы сағат 8-9-дардың шамасы екен", - деп есіне алды Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өмірден өткен күнін. 

Индира Елемес үшін Арман Дүйсеновтен айырылған сәт қорқынышты түстей. Тіпті, Арман Дүйсенов қайтыс болғаннан кейін әнші оның жаназасын өз шаңырағынан шығарғысы келіпті. Бірақ, имамдар екеуінің туыстық байланысы болмағандықтан рұқсат бермепті. 

"Туған ағамдай жақсы көрдім. Қатты құрметтедім. Негізі мұндай тақырыпты қайта қозғау өте ауыр. Бірақ, ақиқаты осы. Біз өз шаңырағымыздан жаназасын шығарғымыз келді. Бірақ имамдар айтты олай болмайды деп. Былай келгенде, сенің туған ағаң да емес деді. Содан жаназасы Орталық мешітте оқылды", - деді әнші.