Ақмола
облысының тұрғыны Гүлзира Рамазанның үйі су тасқынынан зардап шеккен. Облыс
әкімі де, өндіріс және құрылыс министрі де Үкіметке және Президентке су
тасқынынң салдары толлық жойылды, барлық зардап шегушілер сапалы баспанамен
қамтамасыз етілді деп баяндама жасағанынан бір ай өткен еді.
Бұл туралы
Гүлзира Рамазан Orda.kz сайтының тілшісіне сұқбат берген екен. Биылғы су тасқынында 10 облыстың 224 елді
мекенінде 17603 баспан су астында қалды. Үкімет сағатында министр Қанат
Шарлапаев 9156 үйді жөндеп, 8447 үйді жарамсыз деп танығандықтан 5767 үйді
сатып алдық. 2576 үйдің құрылысы толығымен аяқталды деген еді.
Зардап
шеккен азаматтардың бірі Гүлзира Рамазан 2002 жылы Қытай елінен атажұртына 85
жастағы анасымен, 12 жастағы ұлымен көшіп Ақмола облысының Қызылжар ауылына
көшіп келген. Үйінің қабырғалары жарылып, көгеріп кеткен. Ешқандай да комиссия
келіп тексермеген. «Жақында Аманат партиясының филиалына бардым.
Олар
комиссияның келмегеніне таң қалып отыр. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Даниярбек
Қалиұлы бастаған комиссия мүшелері төбелерінде көрсетпеген» дейді Гүлзира
Рамазан. Қазір осы жағдайдан аллергиялық
астмасы күшейіп, ем-дәрі қабылдап жүрген
Гүлзираның анасы 16 құрсақ көтерген жан екен. Үй кезегінде мыңыншы болып
тұрған кейуананың кезегі алға емес,
артқа жылжып 1333-ге барып қалыпты.
Оның үстіне анамыздың он жыл бұрын көпбалалы
ана ретінде тіркелгені де базада жоқ,. «Алтын алқа» иегері ретінде емес жәй
зейнеткер ретінде тіркеп жіберген.
Сонда
Президент берген «Алтын алқа» куәлігінің
түкке жарамайтын болғаны ма? Әлде Ақмолада басқа заң жүре ме? Деген заңды сұрақ
туындайды. Гүлзираның айтуынша, «су тасқыны кезінде қорамыз құлап қалды.
Қытайдан артып әкелген киіз үйімізде суға кетті. Үйдің ішінде адам тыныстауға
келмейтін сасық ауа пайда болып, үйдің іші түгел көгеріп кеткен. Мемлекет еш
көмек көрсетпеді. өз қаражатыма жөндеттім. Бірақ қабырғалары қақырап, жарылып кеткендіктен
ауруға ұшырадық. Анам алты рет, мен он рет ауруханаға жатып шықтым» дейді.
Мен
Президент әкімшілігіне, Үкімет арыз бердім. Қызылжар әкімі Серікжан Мейрамұлы
жалынып, арызымды қайтарып алуымды сұрады. Президент әкімшілігі мен Бас прокуратура
егер жергілікті әкімдік көмек көрсетпесе, тергеу жұмыстарын бастаймыз деп жауап
берген еді.
Тіпті
әкімдік медициналық сақтандыруға тиіс қаражатымды джа аудармаған. Ауруханаға
барсам сізге сақтандыру төленбеген дейді. Әкімдік төледік деп квитанция
көрсетеді. Кімге сенеміз?
Дидар Кайрат