Munarmedia.kz-26.11.2026ж/Астана/-АҚШ-тың Бруклин қаласындағы алқабилер соты Қытайдың Huawei технологиялық компаниясын қылмыстық айыптаудың 12 тармағының 10-ы бойынша кінәлі деп таныды.

Айыптар қатарында банктік алаяқтық, ақшаны жылыстату, АҚШ санкцияларын бұзу және америкалық компаниялардың коммерциялық құпияларын ұрлау мақсатында сөз байласу бар.

Сот процесі екі айдан астам уақытқа созылған. Прокуратураның мәліметінше, Huawei бірнеше жыл бойы Cisco, Motorola және T-Mobile секілді бәсекелес компаниялардың технологияларына заңсыз қол жеткізген. Сондай-ақ АҚШ санкция салған Иран және басқа елдердегі қызметі туралы банктер мен америкалық билікке толық ақпарат бермеген.

Сонымен бірге алқабилер компанияны екі айып бойынша ақтады. Олардың қатарында қылмыстық келісім ұйымдастырды деген айыптың дәлелденбеуі де бар.

Компанияға қатысты түпкілікті үкім 2027 жылдың қыркүйегінде шығарылады. Huawei-ге миллиардтаған доллар айыппұл және өзге де санкциялар қолданылуы мүмкін.

Бұл іс 2018 жылы Huawei қаржы директоры Мэн Ваньчжоудың Канадада ұсталуынан басталған еді. Оның қамауға алынуы Қытай мен АҚШ арасында елеулі дипломатиялық шиеленіс туғызған.

Huawei компаниясы тағылған айыптарды негізсіз деп санайтынын және сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді.

#Huawei #АҚШ #Қытай #сот #технология #Munarmedia