Munarmedia.kz-26.11.2026ж/Астана/-Ресейдің Украинаға қарсы соғыстағы адам шығыны 720 мыңнан асуы мүмкін. Мұндай бағалауды «Медуза» мен «Медиазона» журналистері Росстаттың қолды болған деректерін талдау нәтижесінде жариялады.

Журналистердің мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда басталған толық ауқымды соғыстан қыркүйектің соңына дейін ресми статистикада 490 мыңнан астам адамның өлімі тіркелген. Алайда көптеген өлім-жітім статистикаға кеш енгізіледі, ал хабар-ошарсыз кеткендердің бір бөлігі кейін қаза тапқандар ретінде танылады. Осы факторларды ескерген зерттеушілер нақты шығын 700 мыңнан асып, 720 мыңға жетуі мүмкін деп есептейді.

«Важные истории» басылымы қолды болған деректерден 499 мың өлімді анықтаған. Тіркеудегі кідірістерді ескергенде, Ресейдің соғыстағы адам шығыны кемінде 611 мыңға жетеді деген бағалау жасаған.

Талдау нәтижесінде қаза тапқандардың арасында 18–19 жастағы жеті мыңнан астам жас болғаны анықталған. Олардың жартысы 2025 жылы көз жұмған. Сонымен қатар соғыста қаза тапқан ресейлік әскери қызметшілердің орташа жасы 2022 жылғы 33 жастан қазіргі 40 жасқа дейін өскен.

#Украина #Ресей #соғыс #адамшығыны #Munarmedia