Munarmedia.kz-26.11.2026ж/Астана/-2025 жылы дүниеден өткен Рим папасы Франциск 1992–2024 жылдар аралығында күнделік жүргізген. Ол қайтыс болғаннан кейін жазбаларын жариялауды сенімді адамы, кардинал Виктор Мануэль Фернандеске тапсырған. Күнделікте папаның шайтанмен үш рет кездескені туралы жазбалар да бар.

Франциск шайтанды өз көзімен көргеніне сенімді болған. Тіпті бір кездесуде оның дауысын естігенін жазған. Бұл туралы ол 2021 жылғы 24 қаңтардағы күнделігінде егжей-тегжейлі баяндаған.

Алғашқы көрініс шамамен 15 жыл бұрын, Буэнос-Айрестің архиепископы болған кезінде болған. Көлік терезесінен бір бейнені көріп, оның «қорқынышты әрі еліктіретін көздерін» есінде сақтап қалған.

Екінші рет шайтан кармелиттер шіркеуінің капелласында көрінгенін жазған. Франциск оның оттай жанған көздерін сипаттап, қорыққанынан тәспісін ұстап, Мария анаға жалбарынған. «Мені Мария ана құтқарды», – деп жазған ол.

Үшінші кездесу Римде, Чилиге сапарынан кейін болған. Бұл жолы Франциск шайтанды көріп қана қоймай, оның салтанатты әрі өктем дауысын естігенін айтқан. Әсіресе дауысының қатты, қарлығыңқы болғаны есінде қалған.

Күнделікте бұдан бөлек, 2018 жылғы 7 маусымдағы жазба бар. Папа алдыңғы түні тозақтың кіреберісін көргенін айтып, кейін тәспіні «қару ретінде» қолына алғанын жазған. Ол мұндай көріністерді рухани азғырумен байланыстырған.

Ал Ватиканның ақпарат құралдары шайтанмен кездесулер туралы жазбаларды аса маңызды оқиға ретінде көрсетпей, оларды «аяндар» деп сипаттауға тырысқан.

#Ватикан #РимПапасы #Франциск #дін #Munarmedia