АҚШ-та ICE агенттері конгрессмен Ильхан Омардың үйіне тінту жүргізді

67


Munarmedia.kz. 14.10.2026. ASTANA-АҚШ-та Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) құрамындағы федералдық агенттер Демократиялық партия өкілі, конгрессмен Ильхан Омардың Вашингтондағы үйіне тінту жүргізді. Fox News хабарлауынша, операция 12 қазанда өткен. АҚШ Әділет министрлігі тінтудің сот шешімімен, федералдық қылмыстық тергеу аясында жүргізілгенін растаған.

Телеарна мәліметінше, тергеу Омардың әкесі ол бала кезінде рәсімдеген иммиграциялық құжаттарға қатысты жүргізіліп жатыр. Бұған дейін конгрессменге иммиграциялық заңнаманы айналып өту үшін өз ағасымен жалған некеге тұрды деген айыптаулар тағылған. Алайда Омар бұл мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарып келеді.

Сомалиде дүниеге келген Ильхан Омар Миннесота штатының атынан АҚШ Конгресінде өкілдік етеді. Ол Дональд Трамппен бірнеше жылдан бері ашық саяси тартыста жүр. 2019 жылы Трамп Омарды және басқа да бірнеше конгрессменді шыққан елдеріне «қайтуға» шақырған. Ал 2025 жылдың желтоқсанында оны қорлайтын сөздермен атаған. Бұған жауап ретінде Омар президенттің өзіне деген көзқарасын «үрейлі» деп бағалаған.

Конгрессмен тінтуді Трамп тарапынан жүргізіліп отырған саяси қысым науқанының жалғасы деп атап, мұндай әрекеттер оны үнсіз қалдыра алмайтынын мәлімдеді. Демократиялық партия өкілдері де биліктің әрекетін сынға алды. Олардың назар аударуынша, тінту 3 қарашаға белгіленген АҚШ Конгресіне аралық сайлауға бірнеше апта қалғанда жүргізілген.

Ескерту: Тінтудің саяси қысыммен байланысты екені әзірге Омардың өз бағасы болып саналады. Тергеудің нақты мән-жайы мен оның нәтижесі ресми түрде анықталуы тиіс.

#АҚШ #ИльханОмар #ДональдТрамп #ICE #Саясат #Конгресс #Munarmedia