Munarmedia.kz.28.11.2026.ASTANA  Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 16 мемлекеттің өкілдерін елдегі президент сайлауын бақылауға шақырды.

Бұл ұсыныс 25 қарашада Бішкекте шет мемлекеттердің сенім грамоталарын тапсырған елшілерімен кездесу кезінде айтылды.

Садыр Жапаров билік сайлаудың заңдылығын, ашықтығы мен әділ өтуін қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Осыған байланысты шетелдік дипломаттарды сайлау барысын бақылауға шақырды.

Кездесуге Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина, Грузия, Латвия, Израиль, Дания, Малайзия, Вьетнам, Мысыр және басқа да мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері қатысты.

#Қырғызстан #СадырЖапаров #ПрезидентСайлауы #Саясат #Munarmedia