Munarmedia.kz.28.11.2026.ASTANA Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапары аясында Al Journey 2026 халықаралық конференциясының іс-шараларына қатысты.
Мемлекет басшысы мен Ресей президенті Владимир Путин жасанды интеллект саласындағы Қазақстан мен Ресейдің жетістіктері таныстырылған көрмені аралады.
Қазақстандық көрмеде алты негізгі бағыт ұсынылды. Олардың қатарында «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu жобалары, сондай-ақ көлік және қаржы технологиялары салаларында жасанды интеллектіні қолдану бастамалары бар.
Ал Ресей тарапы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот жүйесі, мұнай өндіру және басқа да салалардағы цифрлық шешімдерін таныстырды.
Екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары жасанды интеллект технологиялары негізінде жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалар туралы баяндады.
Айта кетейік, AI Journey – жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференция. Ол 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде жасанды интеллект саласындағы ірі халықаралық алаңдардың біріне айналған.
#Қазақстан #Ресей #Тоқаев #Путин #ЖасандыИнтеллект #AIJourney #Технология #Munarmedia





