Биыл күзде әскер қатарына шақырылған 20 мыңнан астам азамат міндетін өтемесе, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Әскери қызметке шақырылған азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру комиссиясына келуге міндетті", – деп басып айтты ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев.
Шақыру қағазы әскерге баруы керек адамның жеке өзіне немесе жұмысына, оқу орны бойынша ұйым басшыларына қол қойғызу арқылы, болмаса смс-хабарлама арқылы тапсырылады. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органдарына жүктеледі.
Әскерге бармағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 27
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 11
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 20
