Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Әскери институтта жаңа мамандықтар ашылды

37
Түлектер таңдаған мамандығына қарай әскери институт пен серіктес жоғары оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін немесе Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіргені туралы екі диплом алып шығады. Жаңа мамандықтарға оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлер үшін 2024 жылғы 20 маусымнан 7 шілдеге дейін шығармашылық емтихандарға тіркелу жүргізіледі. Ол 8-15 шілде аралығында өтеді. Шығармашылық емтихандар ең талантты әрі ынталы үміткерлерді анықтайтын маңызды іріктеу кезеңі болмақ. «Журналистика және әскери істегі қоғаммен байланыс» мамандығы Қарулы күштердің қызметін сауатты әрі тиімді жариялай алатын мамандарды даярлауды көздейді. Цифрлық технологиялар мен ақпараттық соғыс дәуірінде әскери журналистің рөлі барған сайын маңызды бола бастады. Бұл мамандықтың курсанттары сапалы контент құру, қоғамдық пікірді қалыптастыру және заманауи медиамен жұмыс істеу әдістерін үйреніп шығады. «Әскери істе дирижерлық ету» мамандығына оқуға түскендер жоғары кәсіби деңгейде түрлі іс-шараларды, шерулер мен рәсімдерді музыкалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын әскери оркестрлерді басқаруды үйренеді. Бұл мамандық курсанттарға әскери ортада шығармашылық жағынан да, өзін-өзі дамыту жағынан да жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, аталған әскери оқу ордасы осы жылдан бастап төрт жылдық білім беру бағдарламасына толықтай көшті. Бұл өзгеріс оқу процесін оңтайландыруға, әрі мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған. Институт бастығы генерал-майор Қайрат Даутов жаңа төрт жылдық оқу бағдарламасы оқу материалын шоғырландыруға және дайындық қарқындылығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. – Төрт жылдық оқу мерзіміне көшу институтқа осы уақыт ішінде бакалавр дәрежесін алуды көздейтін халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес келуге мүмкіндік береді. Мұндай шешім жоғары білікті мамандарды дайындау процесін жеделдетіп қана қоймай, оны икемді әрі бейімді етеді, – деді ол. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орталық Азиядағы радиотехникалық және байланыс офицерлерін дайындайтын алғашқы әскери жоғары оқу орны. Институт радиоэлектроника, радиотехника және инжиниринг, автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері және киберқауіпсіздік, әскери құрылыс мамандардын оқытады.