Астанада полицейлер балалар арбасымен қаланы аралап жүріп, есірткі тасымалдайтын курьерлер мен дропперлердің жұмысын жарнамалайтын QR кодтары бар жапсырмаларды жапсырған 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Тергеушілер бақылау камерасының түсірілімдерінен күдікті әрекетті байқады: әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге стикерлер жапсырған.
Жедел іздестіру шараларынан кейін әйелді ұсталды.
Белгілі болғандай, ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алған.
Әйел мұның қандай жұмыс екенін білген.
Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған әйелдің төрт баласы бар.
Астанада арбамен серуендеп жүрген төрт баланың анасы есірткі жарнамалаған

Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 19
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 8
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 15
