АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-Монғолияның Баян-Өлгей
аймағының «Нұр» тобының есімі елге таныс. Осыдан оншақты жыл бұрын құрылған топ
Монғолияда қазақ өнерін дамытуға қосып жатқан үлес зор. Осы жолғы концерттің
бас демеушісі «Bokentau» құрылыс жабдықтары компаниясы.
Елордадағы «Жастар сарайы» театрында болған концертте зал лық толды.
Монғолиядан атажұртқа көшіп келген ағайынның отыз жылдан астам уақыт өтсе де
туған жерге деген ыстық ықыласы, сағынышы көрініп тұр. Алтайдың арғы бетіндегі
қазақ әндері жүректі тербетіп, өткенге саяхат жасатып, көзге жас үйірді. Жалпы
Монғолиядан келген қазақтар өзінің бірлігі мен берекесімен көптеген игі шаралар
өткізіп келеді. Оның ішінде Қарағанды қаласында әлем чемпионы Азатбек марқұмға,
Павлодарда Қожамжарұлы Ботақара батырдың 360 жылдығы сынды келелі істерімен
және «Бөкентау» компаниясының баскетбол командалары да бірнеше мәрте
халықаралық деңгейде баскетбол жарыстарын ұйымдастырды. Компания басшысы Нұртай
Асылбекұлы демеушілік жасау арқылы монғол-қазақ елдеріндегі рухани байлықты
нығайтып, мәдени саланың дамуына үлесін қосты десек артық айтқандық болмас. «Нұр
тобының» «Баян-Өлгейдег сәлем!»
концертіне әншілер Кертай Зарқұмұлы мен Сәтжан Класханұлы мен қатар белгілі
әнші, музыканттар Ауғанбай Исаұлы, Сағым Бейбітшілікқызы, «Қазақстан дауысының»
жеңімпазы Мұратбек Хайрулла, Нұрсұлтан Төлеубайұлы, Төлеген Жапарұлы, Нұрбол
Айбасұлы, Айгерім Арасанбек, Даян Арасанбек өнер көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек, «Нұр тобы» өткен жылы
Алматы төрінде өнер көрсетіп, халықтың жақсы бағасын алған.
Сахна төріне шыққан Монғолияның Қазақстандағы
елшілігінің жауапты қызметкері мен ел азаматтары «Нұр тобына» ыстық ықыластарын
білдіріп, шапандарын жауып, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын жасады.