Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Атырауда 7 жасар қыздың үстіне ескірткіш құлап, қайтыс болды

21
Atyrau online телеграм арнасының мәліметінше, отбасы саябақта серуендеп жүрген кезінде кенеттен нөсер құйған. Салдарынан Жеңіс саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштердің бірі жеті жасар қыздың үстіне құлады. Бала алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. «Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бейресми деректерге қарағанда, нөсер кезінде отбасы ескерткіштің артын паналаған.