Бекеттердің біріне газ іздеп келген көлік жүргізушісі Руслан Әбілқайыров газ тапшы екені екі күн бұрын байқалды деді. Ол мұндай кезде "кезекте жарты сағат тұратынын" айтты.
Тағы бірнеше Өзбекстан азаматы Қазақстан жағына қарай шекарадан өткенде Орал қаласында да, Атырауда да газ таппағанын айтты.
Атырау облысының әкімдігі облыста сұйылтылған газ тапшы боп тұрғанын растады.
Әкімдік 1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталғанына байланысты өндіріс уақытша тоқтады деді. Облыс әкімдігі көрші облыстардан қосымша сұйылтылған газ сұратқанын хабарлады.