Тұрғын бұл мәселе бойынша уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінгенін, алайда нәтиже болмағанын айтты.
Сот мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу негізінде жауапты серіктестікке аялдамаларға 26 ақпараттық стенд орнатуды тапсырған. Бірақ ақпараттық стендтің қазақ тіліндегі нұсқасы болмаған.
Сот тұрғынның мемлекеттік тілде ақпарат алу туралы конституциялық құқығы бұзылғанын ескерді. Осылайша жауапкерді аялдамаларға қазақ тілінде ақпарат ілуге міндеттеді. Сондай-ақ үш бөлімінің лауазымды тұлғаларына жеке қаулы шығарды.