Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Бапи Еуропаға аттанды: Депутатты әлдекімдер улаған болуы деген қауесет расқа айналуда...

62



Депутат Ермұрат Бапи денсаулығына байланысты шұғыл түрде Еуропаға ұшып кетті деп хабарлайды Fragment. Мәжілісменді әлдебіреулер улаған болуы мүмкін деген қауесет расқа айналуда.

Мұны осыған дейін Ерекеңнің өзі де меңзеп жазған болатын.

«Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді… Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен… Көрерміз… Аман болайық, ағайын!» – деген еді депутат.

Еуропаға дереу түрде медициналық диагностикадан өтуге аттанған Бапи жыл басынан бері ескі Қазақстанмен күресті күрт күшейткен еді. Соның ішінде Назарбаевтың ерке қызы Әлия мен күйеубаласы Тимур Құлыбаев Бапидің сын садағына жиі-жиі іліккен болатын.



Ақордаға жақын телеграм-арналардың болжамынша депутатқа қастандық жасалуы ғажап емес, ал мұның артында әлбетте, ескі Қазақстанның өкілдері тұр.

Өз кезегінде Orda.kz порталындағы әріптестеріміз Бапидің қауіпті аурумен соңғы алты ай бойына алысып келе жатқанын хабарлапты. Диагностикадан кейін дәрігерлер депутат белгісіз нәрседен уланған болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Orda-ның мәліметінше саусақтары күп болып ісіп кеткен Бапидің ағзасында жүйке жүйесін "параличтеп" тастайтын улы заттың белгілері бар. Бұлардың ішіндегі ең танымалы, атышулы – "Новичок".


Диагноз қою үшін дәрігерлердің үлкен консилиумы да жиналған.

«Симптомдар оның денесінде қатты қышыну, ісік пайда болуынан көрінеді. Содан кейін олар жоғалып, басқа жерлерден қайта пайда болады және олардың мөлшері үлкеюі мүмкін. Дәрігерлер тіпті биопсия жасаған, бірақ ештеңе анықтай алмаған. Сондықтан шетелдік клиникалармен шұғыл байланысуға шешім қабылдаған. Қазақстанда диагностика, әсіресе, молекулалық деңгейдегі диагностика әлі дамымаған», – делінеді Orda.kz дереккөзінде.

Fragment-ке жеткен мәлімет бойынша "Новичокты" "қара базардан" сатып алуға болады, бірақ сатушыны табу үшін күш құрылымдарының бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерімен байланыс болуы қажет.