БАҚ саласының үздік өкілдеріне құрмет көрсетілді
Қазақстанда 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп белгіленген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтаған еді.
Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Президенттің кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли қатысты.
«БАҚ өкілдері - қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан осы мемлекетте тұратын әрбір азамат сіздердің жұмыстарыңызды бағалайды, өйткені сіздер арқылы қоғамның көптеген өзекті мәселелері айтылады және бұл мемлекеттік органдардың жұмысын жандандырып, жетілдіруге ықпал етеді», деп атап өтті Аида Балаева.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын журналистика ардагері Құдайберген Тұрсын алды.
«Еуразия» телеарнасының бас тілшісі Абай Балажан «Құрмет» орденімен марапатталды.
Светлана Пенькова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
ҚР Президентінің алғыс хаты «Informburo.kz» тілшісі Әйгерім Үмматқа және басқаларға табысталды.