Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Бас мүфтилікке кандидат Жанарбек имам қысымға ұшырады

141



Наурызбай Өтпенов «өгей інісін» «Ақыт қажы» мешітіне қарсы айдап салды


Қарағандыдағы «Ақыт қажы» мешітінің имамы Жанарбек Мамбар Бас мүфти лауазымына өзінің кандидатурасын ұсынып еді, мүфтият тарапынан қысым күшейді. Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғалиев

«Ақыт қажы» мешітінің ғимараты мен жертелімін ҚМДБ меншігіне тапсыр» деп Жанарбек Мамбарға хат жолдаған (хатсуретте).

Мұның алдында мешіт пен Ж.Мамбар тұратын үйдің электрін қиямыз деп біреулер келіп еді. Кейбір мәліметте «рэкет типтес түктіқол біреулер имамға доқ көрсеткені» айтылды.


«Бас мүфти болсам, мүфтиятты реформалаймын» деген мәлімдемесімен танылған Жанарбек имам «рэкетке» де, «электрикке» де қасқайып қарсы тұрып төтеп берген... Міне, енді Ж.Мамбардың меншігіндегі мешіт ғимаратын тартып алуға облыстың бас имамы Естай Әбдіғалиев белсене кірісті.

Ораз Әлімбектің фейсбук парақшасынан.


Әрине, «ғимаратты ҚМДБ меншігіне өткіз» деп

өктемдік жасауға Е.Әбдіғалиевтің қақы жоқ.  Ол - Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың «өгей інісі». Е.Әбдіғалиев бас имамдыққа тағайындалғанда ҚМДБ жарғысы бұзылды, Бас мүфти Н.Өтпенов «өгей інісі» Естайды 30 жасқа толмай жатып облысқа бас имам қылды. Естай әлі де 30-ға толған жоқ, яғни ол бас имам лауазымын заңсыз иеленіп отыр. Сондай-ақ, облыстың бас имамы Естай Әбдіғалиевтің ҚМДБ мүддесін күйіттеп

хат жазуы заңға қайшы. Сондықтан, Бас мүфти «өгей інісі» Естайды кандидат Жанарбек Мамбарға қарсы айдап салып отыр» деп айта аламыз.


«Ақыт қажы» - Қарағандыдағы ескі мешіт, 30 жылдық тарихы бар. Жанарбек Мамбар қала шетіндегі бұрын дүкен болған ескі екі ғимаратты

өз қаржысына сатып алған. Бір ғимаратты жөндеп мешіт қылған, екіншісінен тұратын үй жасап алды. Екі ғимарат та Ж.Мамбардың жеке меншігі. «Ақыт қажы» мешітінің жұмысы алғашында Ж.Мамбар тіркеген діни бірлестік аясында жұмыс істеді. Әбсаттар қажы Дербісәлі Бас мүфти болған тұста, мүфтиятпен жасалған келісім бойынша, діни бірлестік жұмысы тоқтатылып, «Ақыт қажы» мешіті ҚМДБ филиалы болды (құжат комментте тұр). Дегенмен, мешіт ғимараты Ж.Мамбардың жеке меншігінде қалған.

Міне, енді Бас мүфти Н.Өтпенов өзінің «өгей інісін» айдап салып, біреудің дүние-мүлкін тартып алмақшы. Бұдан өткен озбырлық бар ма?! Шариғатта  бөтеннің

дүниесін тартып алатын рейдерліктің үкімі қандай?