Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді

53





«Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Оқу бітірген соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа кеңейтілді», - деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.



Сонымен қатар, гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші ЖОО-ларда оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған. Балалар осы арнайы грантқа да, жалпы конкурсқа да қатыса алады.

«Өңірлік ЖОО-ларды қолдау көрсетіледі. Педагогикалық, ауыл шаруашылық және инженерлік мамандықтар бойынша мақсатты гранттар бөлініп отыр», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.