Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Биыл сыртқы көші-қонда оң динамика жоқ

207



 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев  Орталық коммуникациялар қызметінде «биыл сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады» деді.

Оның айтуынша, елге 14 мың адам көшіп келіп, 7 мыңы көшіп кетті дейді. Ол қандай оң динамика болуы мүмкін. Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер қандай статистикаға қолданып мұндай ақпарат беріп отыр. 7 мың адам қайта көшіп кетті деген нонсенс. Сұмдық жағдай. Елге қандастардың көптеп келуінен қашып, түрлі қиын бағдарламаларды жүзеге асырып, мемлекеттің миллиондарын желге ұшырып жүрген осы Ертаев емес пе? Шетелде атамекенге жетуді аңсап жатқан жеті миллион қандастың Қазақстанға көңіл қалғалы қашан? Келгені  мамандығы бойынша жұмысқа тұра аламйды.

Квота басқа да жәрдемақыларын алу қияметтің қияметі. Құжаттандыру жұмыстары толығымен цифрландырылмаған. Өзге елде қазақ болып жүрсе де, Отанына келгелі қазақ екенін дәлелдей алмай жүрген қаншама қазақ бар? Әлемде геосаяси жағдай күрделеніп барады. Соғыс өрті әр жерде тұтанып жатыр. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи 2030 жылы Қазақстанда соғыс болуы мүмкін деп текке айтты ма? Ел шекарасын Қазақстанға келіп азаматтық алып, одан кейін шетелге кетуді армандап жүрген көрші елдің азаматтары қорғай ма?

Әлде қазақтың жерінің байлығын сарқып, қалтасын қампайтып, қазақтың ұлын құл, қызын күн еткісі келетін қытайлар қолдай ма? Елі ішінде туып, өссе де өз тілінде сөйлеп, қазақты менсінбейтін, бірдеңе боллса әлеуметтік желі арқылы «Путин» көкелеріне шағым жасайтын, қазақтың жеріне көзалартып, солтүстік біздікі деп екі күннің бірінде мас аузына келгендерін құсатындар қорғай ма? Қорғайтын қорғаныс саласының түрі анау.

Бейбіт өмірде 300 жауынгерден айырылып отыр. Қорғаныс министрілігінің мыңдаған командирлері мен басшылары жылы кабинеттен шығып, полигон мен әскери бөлімдерде түнеп, жаңа қару-жарақ пен қамтамасыз, әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсартумен айналыспай ма? Қаптаған генералдар Дубайдан үй алып, әскерилерді өздерінің коттеждеріне құрылысқа жегіп, құлға айналдырып алғанын қалай түсінеміз? Көші-қон саласындағы олқылықтар елдің этнографиялық, мәдени мен экономикалық дамуына да кедергі келтіріп отыр.

Қаншама еңбекке қабілетті азаматтар келіп жатыр. 1991 жылдан бері келген «оралман» кейін «қандас» атанғандардың саны 1 миллионнан баяғыда асып, үш, төрт миллионға жеткенін неге жасырады.

Олардың еліміздің тәуелсіздігінің нығаюы үшін орасан еңбек сіңіріп жатқанын неге айтпайды?  Мұндай адамдарды министрдің орынбасарына дейін көтеру кімге керек? Олжас Бектенов басқаратын өкіметтің ойы қандай? Алдағы уақытта шетелдегі қазақтарға «келмеңдер» деуден басқа амал жоқ. Келгенімен құшақ жаюдың орнына, құжат көтертіп қойған басшылардың кесірі қазақ халқының табиғи даму мен өсіміне балта шауып отырғанын көріп отырмыз.

 Ел болашағын ойлаған адам, қазақтың басын қосып, ұлттың ұраны мен халықтың берекесі үшін жұмыс жасайды. Ал бізде керсінше. Мақтау, мадақ, жемқорлық, өтірік пен өсектен тұрады.

Бұл мәселеге жеңіл желпі-қарауға болмайды. Президент саясатын қолдаған сыңай танытып, кабинетіне келген соң басқа әрекет жасайтын «Ескі Қазақстанның» басшылар кімнің тапсырмасын орындап отыр?

 

Асылбек Байжұмаұлы