Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Демократтар Байденнің денсаулығына алаңдаулы

51

 Байденнің АҚШ президенті болып қайта сайлана алатындығына демократиялық партия өкілдері мен жақтастары тағы күмән келтірді деп жазды Reuters

Америкалық актер, демократиялық партияға ақша жинау қорын ұйымдастырушылардың бірі Джордж Клуни Джо Байденді сайлаудан бас тартуға шақырды.

🗣

 "Бар мәселе жасы келгендігінде, басқа ештеңе де емес" деді Клуни. Ол демократиялық партия сайлауға Джо Байденді ұсынса, сайлауда жеңіске жете алмайды деп санайды.

Бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері де Байденді "демократия мен ұлттың болашағы үшін" сайлаудан бас тартуға шақырды.

Байденнің өзі президент сайлауына қатысып, жеңіске жететінін де айтқан. Ал Ақ үй оның денсаулығына қатысты күмән-күдіктерді сейілтуге күш салып жатыр.