Депутаттар Қазақстанда ядролық медицина үшін мамандар даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашуды ұсынды
«Елімізде одан әрі дамуға барлық алғышарттар бар. Парламентте бұл мәселе белсенді талқылануда. Заңнамаға түзетулер енгізу қажет: атом энергетикасы туралы, халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы және т.б. заңдарға, сондай-ақ заңға тәуелді актілер мен ережелерге», - деді Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, спикер ядролық медицина атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бағыттарының бірі екенін айтты.
«АЭХА жобасы аясында - бұл бізден, депутаттардан, Денсаулық сақтау министрлігінен ұсыныс, - Орталық Азияда Астанада мамандар даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашуды ұсынамыз, оны Семей қаласында да ашуға болады», - деді спикер.