Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Депутаттар Қазақстанда ядролық медицина үшін мамандар даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашуды ұсынды

29
«Елімізде одан әрі дамуға барлық алғышарттар бар. Парламентте бұл мәселе белсенді талқылануда. Заңнамаға түзетулер енгізу қажет: атом энергетикасы туралы, халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы және т.б. заңдарға, сондай-ақ заңға тәуелді актілер мен ережелерге», - деді Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Сондай-ақ, спикер ядролық медицина атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бағыттарының бірі екенін айтты. «АЭХА жобасы аясында - бұл бізден, депутаттардан, Денсаулық сақтау министрлігінен ұсыныс, - Орталық Азияда Астанада мамандар даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашуды ұсынамыз, оны Семей қаласында да ашуға болады», - деді спикер.