Қарағандының бұрыңғы әкімі Шаймерден Оразалиновтың баласы Әбіл Оразалинов өз анасын соққыға жыққаны
үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Қарағанды облысы, Қазыбек би аудандық
сотының мәліметіне сүйенсек, ол 1946 жылы туылған анасын өзара жанжал кезінде қатты
затпен ұрып жарақаттаған және бірнеше жері сынған. Сотта жәбірленуші прокурорды
қолдап, нақты бас бостандығынан айыру жазасын беруді қолдады. Сонымен бірге
айыптаушылар көршілерінің түсініктемелері мен сараптама қорытындыларын
көрсетті. Сот Әбіл Оразалиновқа орта деңгейдегі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген
мекемеге үш жылға бас ботандығынан айыруды және 1 миллион тенге қорғаушы
шығындарын өтуді міндеттеді.
Әкесі Шәймерден Оразалинов 1987-1997 жылдары аралығында Қарағанды қаласын
басқарып, кейіннен Қарағанды облысы әкімі жанындағы тәртіптік кеңестің төрағасы
қызметтерін атқарған. 2019 жылы 77 жасқа қараған шағында өмірден өткен.