Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Еліміздегі мемқызметшілердің 68 пайызы — үйлі-баранды

32
Биыл 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, елімізде 83 мың мемлекеттік қызметші бар. Олардың орта жасы — 39-40 аралығы, ал жұмыс өтілі — 10-12 жыл. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,5%, оның ішінде 39,2% басшылық лауазымда. Алайда, жастардың үлесі азайған, яғни 2018 жылы 24,6% болса, 2022 жылы 17,8%-ға дейін төмендеп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын арттыру үшін eqyzmet.gov.kz интернет-порталы пилоттық режимде іске қосылды. Жаңа жобаның басты ерекшелігі — конкурсқа іріктеудің барлық кезеңінде онлайн форматта қатысуға болады. Аталған жобаға 2023 жылғы 1 наурыздан бері 6 мемлекеттік орган енгізілсе, ал биыл 1 шілдеде олардың саны 22-ге жетпек. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректері бойынша, өткен жылдың 9 айында 11 296 үміткер конкурс бойынша мемлекеттік қызметке тағайындалды. Бүгінде Үкімет әкімшілік реформаны жалғастырып жатыр: — 496 функция орталықтандырылмаған, — мемлекеттік аппарат жұмысын бюрократияландыру шеңберінде заңдардан 364 функция алынып тасталды. Еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесінің басты жетістіктерінің бірі — мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Мемлекеттік тізілімге 1 353 қызмет кіреді, оның 92% электронды түрде қолжетімді. Өткен жылы 274 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 93% электронды түрде ұсынылған. Сондай-ақ, 62 мың адамның арасында жүргізілген қоғамдық мониторинг деректері бойынша респонденттердің 81,3% мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанарлық баға беріп отыр. Бұл — соңғы 9 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы орайда 87 дерекқорды біріктіретін және онымен жұмыс істеу үшін көптеген құралды ұсынатын Smart Data Ukimet (SDU) жүйесіне ерекше назар аударуға болады. 2023 жылы SDU жүйесі беделді «Future of Government Awards 2023», «Open Source Adaption» номинациясында ТОП-3-ке кірді. Айта кетсек, әлемнің 50 елінен 300 жобаның ішінде SDU жобасы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰ ДБ), «Public digital» және «AWS» институтымен ерекшеленді және басқа елдерде пайдалануға ұсынылды. Future of Government Awards цифрлық шешімдер мен технологиялар арқылы адам өмірін өзгертетін іскерлерді, командаларды және көшбасшыларды атап отыр. Тағы бір жоба — «Отбасының цифрлық картасы», ол 1300 өтінімнің ішінен «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатында үздік деп танылды. Осылайша Қоғамдық саясат институты сауалнамаға қатысқан респонденттердің негізінде мемлекеттік қызметшінің отбасылық портретін жасады. Деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің 68% некеде. Оның ішінде: 42% — 35 жасқа дейінгі жастар; 30,5% — орта жастағы адамдар (36-45 жас); 27,3% — егде жаста (46-63 жас). Отбасылы мемлекеттік қызметшілердің 64%-дан астамының баласы бар, ал оның ішінде 14% — көпбалалы ата-ана.