Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығы 396 түлектің тест нәтижесі жойылғанын мәлім етті.
ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр.
Түлектердің орташа балы – 68, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.
Атап айтқанда:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы «Математика-Физика», 16 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 27
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 12
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 21
